Жедел жәрдемді өткізбеген джип жүргізушісі айыппұл төлейтін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жедел жәрдемді өткізбеген джип жүргізушісі айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 жастағы жүргізуші, Алматы облысының тұрғыны артында келе жатқан реанимобильге жол бермей қойған. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған.

«Жедел жәрдем көлігі дабыл қосып келе жатса да жүргізуші ығысып жол бермеген. Оған ҚР ӘқК 598-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама  толтырылды. Ер адам артында келе жатқан көлікті көрмедім деп ақталған», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің  басшысы Ерік Насырбеков.

Енді жүргізуші 10 АЕК есебінде, яғни  22 690 теңге айыппұл төлейтін болды.

Соңғы жаңалықтар