Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісіне газ баллонымен шабуыл жасаған адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу аудандық ІІБ осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Күдікті ұсталды. Бригада жүргізушісінің айтуынша, оны белгісіз ер адам газ баллонымен жарақаттаған. Баллонда белгісіз химиялық зат болған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізілуде», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, оқиға кеше Жетісу ауданында Винтер көшесінде болған. Ер адам жедел жәрдем жүргізушісінен көлігін жолдан алуды сұраған. Оған келіспеген жүргізушінің бетіне газ баллонын қаратып, шашып жіберген. Соның салдарынан жүргізуші 1-2 дәрежелеі химиялық күйік диагнозымен ауруханаға түсті.

Бұған дейін де, Алматыда жолды бөлісе алмаған Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан болатын.  Көп ұзамай полицейлер 1990 жылы туған түркиялық азаматты анықтап, уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізді. Кейін Әли Демир кепілмен босатылды. Сондай-ақ, жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматын кешірді.

 

Соңғы жаңалықтар