Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Аталған видео бүгін Фейсбук желісінде жарияланды. Бейнекадрда Фольксваген Пассат жүргізушісі жедел жәрдем каретасының жүргізушісін соққыға жыққаны анық көрініп тұр. 

Алматы полициясы 1990 жылы туған Түркия азаматын, яғни Фольксваген Пассат көлігінің жүргізушісін ұстады. 

«Ер адам жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Тергеуді жан-жақты жүргізу үшін бірқатар сараптама тағайындалды», - деді ІІД баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетейік, біз бүгін Алматыда белгісіз азаматтың науқасты ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар