Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түркиялық Қазақстаннан шығарыла ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түрік азаматы Демир Эбузер Әлиді елден шығару туралы арызын қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№2 Әуезов аудандық сотына Әуезов аудандық ІІБ өкілінен өтініш түсті. Онда уәкілетті тұлға Түркия азаматы Демир Эбузер Әлиді сыртқа шығару туралы арызды қараусыз қалдыруын сұраған», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Сот органы таратқан ақпаратқа сәйкес, Әли Демир 2018 жылдың 3қарашасында электронды билетпен Ыстанбұлдан ұшып кетуі тиіс болатын.

Алайда «Бүркіт» базасындағы ақпаратқа сәйкес, ол шекараны аспаған.

«Демир Эбузер Әли шетел аспаған. Осыған байланысты Полиция оның қайда екендігі анықталғанша шекара асу туралы арызды қанағаттандыруды кейінге қалдыруды сұраған. Сот арқылы Түркия азаматы Демир Эбузер Әлиді Қазақстаннан шығару туралы Әуезов аудандық ІІБ қозғаған бұл азаматтық іс қараусыз қалды», - деді соттан.

Еске салайық, Алматыда жолды бөлісе алмаған Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан болатын. 

Көп ұзамай полицейлер 1990 жылы туған түркиялық азаматты анықтап, уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізді.

Кейін Әли Демир кепілмен босатылды. Сондай-ақ, жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматын кешірді. 

Соңғы жаңалықтар