+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жедел жәрдем қызметтері шақырылған үйлерде КВИ бойынша тестті қашан ала бастайды

2020 жылғы 2 шілде 16:54
Бөлісіңіз:
Жедел жәрдем қызметтері шақырылған үйлерде КВИ бойынша тестті қашан ала бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жедел жәрдем қызметтері шақырылған үйлерде КВИ бойынша тест алуды осы аптада бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында провизорлық стационардың жұмысы тоқтатылды СҚО-ның емдеу мекемелеріне 20 оттегі концентраторы таратылды Гүлмира Сағидуллина: Індет кезінде онкологиялық науқастардың ем қабылдауы үзілген жоқ

«Қазіргі уақытта кейбір өңірлер мұндай форматта жұмыс істей бастады. Алайда толыққанды шешім осы аптада ғана қабылданған болатын. Тиісті нормативті құжатты біз қазір дайындап жатырмыз. Жұмыстың бұл форматын трансформациялағымыз келеді. Өңірлер аталған бағыттағы жұмысты осы аптада бастайды. Алайда келесі және одан арғы апталарда бұл жұмыстың белсенділігі артады. Алайда бұл ретте тест тек анықтама немесе КВи белгісі байқалған жағдайда ғана алынады. Жедел жәрдем ғана емес, бұл жұмысты мобильді бригадалар да жүргізеді. Олар да азаматтардың үйіне барып, медициналық көмек пен кеңес береді», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, жедел жәрдем бригадалары шақырылған жерге барып, тест ала бастайтынын министр осыдан екі күн бұрын хабарлаған болатын. Осылайша әр өңірде COVID-2019 бойынша халықты тестпен қамту үшін эпидемиологиялық ахуалға байланысты талаптарды айқындау көзделіп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT