+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Жедел жәрдем қызметіне 800 жаңа көлік беріледі

2019 жылғы 22 шілде 10:58
Бөлісіңіз:
Жедел жәрдем қызметіне 800 жаңа көлік беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жедел жәрдем бригадалары мен стационарлық қабылдау бөлімдерінің арасындағы IV республикалық жарыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының жедел жәрдем қызметін модернизациялау мәселесі талқыланды Алматыда науқасты ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылды Өмірзақ Шөкеев өңірлік жедел жәрдем қызметіне 32 көліктің кілтін табыс етті

Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысып, бұл шара тек конкурстық сипат алмай, тәжірибе алмасып, біліктілік шыңдайтындай басқосу болуы тиіс екенін айтты.

«Министрлік жедел жәрдем қызметін реформалауға үлкен мән беріп отыр. Өздеріңіз білесіздер, екі жыл ішінде саладағы стандарттар мен ережелерді өзгерттік. Өткен жыл мен оның алдындағы жылға қарағанда биыл жедел жәрдемнің жету уақыты 25 минуттан 15 минутқа қысқарды. Бұл халықаралық стандартқа жақын. Жедел жәрдем өкілдерінің негізгі бөлігін базалық стандарттар бойынша оқыттық. Осының арқасында шетін жағдайлар азайып, жан сақтау шараларының нәтижесі жақсарды», - деді ведомство басшысы.



Елжан Біртановтың айтуынша, саланы жетілдіру әлі де бірнеше жылға жалғаспақ.

«Бұл реформалар әлі жалғасады. Ол үшін негізгі деген үш бағыттты айқындап алдық. Қазіргі таңда жедел жәрдем қызметінің жүктемесі өте тығыз. Көптеген елдермен салыстырғанда халықтың саны мен жедел жәрдем шақыру санының ара қатынасы бізде өте жоғары. Тіпті бұл тұрғыда жағдайы бізге ұқсас деген Түркияның өзінде бұл көрсеткіш бізден әлдеқайда төмен. Жедел жәрдемге медицналық көмектің анықтамалық қызметіндей қарайтындар бар. Сол үшін бастапқы медициналық көмек пен учаскелік дәрігерлердің рөлін көтермекпіз. Негізгі аурулармен солар айналысып, жедел жәрдем тек шұғыл жағдайларда көмекке келу керек. Яғни, адамдар кез келген жағдай бойынша жедел жәрдемге жүгінуге мәжбүр болмауы керек. Биыл бірінші рет жедел жәрдемге жүгінушілер саны азайып отыр. Жыл басында Елбасы жедел жәрдем қызметін толықтай машинамен жабдықтауды тапсырған болатын. Осы жылдан бастап сол тапсырма аясында арнайы бағдарламаны іске асырамыз. Екі жыл ішінде жедел жәрдем өкілдері 800 стандартты көлікпен қамтылатын болады. Бұл көліктерді отандық кәсіпорындар жетілген стандарт бойынша құрастырып жатыр. Бұл сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдетіп, қызметтеріңіздің тиімділігін арттырады», - деді министр.












Фото: Виктор Федюнин

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT