+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Жедел жәрдем көлігіне жиектастардың тиелуі: Станция басшылығы жауапқа тартылды

2019 жылғы 29 шілде 17:34
Бөлісіңіз:
Жедел жәрдем көлігіне жиектастардың тиелуі: Станция басшылығы жауапқа тартылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында мамандандырылған медициналық көлікке құрылыс материалдары тиелгені үшін жедел жәрдем станциясының басшылары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жедел жәрдем қызметіне 800 жаңа көлік беріледі

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем көлігін мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін мәлім етті. Нәтижесінде облыстық Жедел медициналық жәрдем станциясының директоры мен Сәтбаев қаласының қосалқы станциясының меңгерушісі жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері Қарағандының танымал пабликтерінің бірінде фельдшер формасын киген адамдар жедел жәрдем көлігіне жиектастар тиеп жатқаны туралы видео жарияланған болатын. Ол халық арасында дау тудырып, аз уақыт аралығында видеоны қарап шыққандар саны бірнеше мыңды құрады.

Бүгін Денсаулық сақтау басқармасында мамандандырылған автокөлікті мақсатсыз пайдалану жағдайына қатысты түсініктеме берілді.

«Бұл жағдай Сәтбаев қаласында биылғы 27 шілдеде болды. Қосалқы станция аумағындағы автотұрақты жабдықтау үшін блоктар тасымалданған. Алайда, қосалқы станция меңгерушісі жоғары тұрған басшылықты арнайы көлік қажеттілігі туралы хабардар етпей, жөндеуде тұрған жедел жәрдем машинасын пайдалану туралы шешім қабылдаған. Сәтбаев қаласының қосалқы станция меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, облыстық Жедел медициналық жәрдем станциясының директорына тиісті бақылауды жүзеге асырмағаны үшін ескерту жарияланды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау басқармасы Сәтбаев қаласында 6 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейтінін және бұл жағдай халыққа қызмет көрсету сапасына еш әсер етпегенін мәлімдеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT