Жедел жәрдем дәрігерлері спортта бағын сынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел жәрдем дәрігерлерінің арасында республикалық спартакиада өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додаға қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 бригада жиналды.

Фельдшер мамандар мен медбикелер жеңіл атлетика, жүзу, шағын футбол, баскетбол, волейбол тәрізді спорт түрлерінен бақ сынасты.

Екі күнге созылған спорттық ойындарда жалпы есепте үшінші орынды Семей командасы,  екінші орынды  Астана командасы иеленді. Жарыста Алматы жедел жәрдем стансасы ауруханасының мамандары топ жарып, бірінші орынды еншіледі.

«Спорттық шараға белсенді қатысқан медбикелер мен фельдшерлерге алғысымыз шексіз. Сіздер ерен еңбек пен табандылықтың арқасында жеңіске жеттіңіздер. Біз медициналық сақтандыру деген үлкен өзгерістің алдында тұрмыз. Адам денсаулығының қадірін білуі керек. Біз, ақ халаттылар оны бірінші кезекте өзіміздің іс-әрекетімізбен ұғындыруға тиіспіз. Осы мақсатта аталған спартакиада ұйымдастырылды», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметов.

Жеңімпаздардың барлығы арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар