Жедел штаб Екібастұздағы қазіргі жағдай туралы хабарлады

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Жедел штаб Екібастұз қаласында жылуды қалпына келтіру бойынша қазіргі жағдай туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көпқабатты 71 проблемалы үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді.
Жедел штабтың жетекшісі — Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қазіргі таңда осы үйлердің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қазір пәтерлер ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде», - делінген Үкіметтің Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.

Описание: 🔴Еске салайық, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.

Жедел штаб ұсынған тізімде зардап шеккен үйлердің мекенжайы және сол үйлерде осы сәтте атқарылған жұмыстар туралы есеп қамтылған.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.

Кейін жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Екібастұз қаласының оқушылары онлайн оқуға көшірілді.

28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

30 қарашада Екібастұзға Премьер-Министр Әлихан Смайылов барып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.

Апат себебі ретінде жылу желілерінің тозуы, жылу орталығы басшылығының немқұрайлылығы мен инвестициялардың жеткіліксіздігі аталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр апат салдарын жою жұмыстары аяқталғанша Екібастұзда болатыны хабарланды.

Кеше кешке өткен баспасөз мәслихатында Екібастұзда 70-ке жуық жер үй жылусыз отырғаны мәлім болды.

Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук жылусыз қалған әр пәтердің жылу батареясы жаңаланатынын айтты.


Фото: t.me/KZgovernment


Соңғы жаңалықтар