+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жазушылар одағының тарихында жүздеген томға жүк болатын тағдырлар шежіресі жатыр - Қырымбек Көшербаев

2019 жылғы 9 желтоқсан 16:06
Бөлісіңіз:
Жазушылар одағының тарихында жүздеген томға жүк болатын тағдырлар шежіресі жатыр - Қырымбек Көшербаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының құрылуына және «Қазақ әдебиеті» газетінің ашылуына 85 жыл толуына орай пленум отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Манас» жырының қазақша нұсқасын 67 күнде жазып шықтым – Баянғали Әлімжанов «Манас» дастаны 60 жылдан кейін қазақ оқырмандарының қолына қайта жетті

Халықаралық жиынға 8 елден Жазушылар одағының басшылары, мүшелері келді.

Отырыс алдында қазақ мәдениетінің қара шаңырағына айналған киелі орданың 85 жылдық тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетілді.

Қазақтың үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығын арқау еткен салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, баяндама жасады.

«Биыл «Қазақ әдебиеті« газетінің 85 жылдық мерей тойы. Сондай-ақ, осынау қара шаңырақтың негізін қалаушылар: қазақтың үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 125 жыл толып отыр. Қазақ елі қашанда жазушылар қауымдастығын жанына сүйеу, рухына тіреу санайды. Ежелден сөз өнерін кие тұтқан қазақ өткен ғасырдың басында бір ұйымға ұйысқан ақын-жазушылар қауымдастығында дәл осындай үлкен үміт артқан болатын. 85 жылдық тарихында сөз зергерлері сол үмітті ел сенімінің темір қазығына айналдыра білді. Қазақстан Жазушылар одағының бір ғасырға жуық тарихын тарата зерттейтін болсақ, одан қазақтың қилы кезеңдерімен тұтасып жатқан жүздеген томға жүк болатын қызығынан қасіреті басым, тауқыметті тағдырлардың шежіресін көреміз»,- деді Қырымбек Көшербаев.

«Өнер алды - қызыл тіл» демекші, халқымыздың қадір тұтқан өнерінің бірі - әдебиет екені рас», -деп атап өтті өз сөзінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев. «Бүгінде 800-ден астам қаламгердің басын біріктіріп отырған киелі ұйым - Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толды. Сәкен Сейфуллин іргесін қалаған жазушылар одағын әр жылдары Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Ғабит Мүсірепов, Әли Шәріпов, Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин басқарған. Қазақ сөзі қиын-қыстау замандарды басынан өткерді. Қазақ тілі қаржы, сот, экономика саласынан ығыстырылып өгей күй кешкені анық. Тап сол кезеңдерде қазақ тілі пана тапқан жалғыз ұйым Жазушылар одағы болатын»,- деді қала әкімі.

ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет баяндама жасап, аталған ұйымның осы жылдар аралығында жеткен жетістіктерімен қатар, атқарылған ауқымды жұмыстарына тоқталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT