Жазушы Сәуле Досжан «Букер» әдеби сыйлығына үміткер болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстандық жазушы Сәуле Досжанның ағылшын тілінде жарық көрген новеллалар жинағы 2019 жылғы «The Man Booker International» (Лондон) сыйлығына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 2018 жылдың қазан айының басында «Hertfordshire Press» британдық баспа үйі Сәуле Досжанның «The tragedy of abastard» және «My own strange heart» атты үздік  новеллалары енген проза жинағының ағылшын тіліндегі нұсқасын Халықаралық «Букер» әдеби сыйлығына ұсынған.

Бұл ретте, жазушының бұрын ешқайда жарық көрмеген «Thetragedy of a bastard» («Көрдемшенің қасіреті») хикаяты британдық рецензенттер тарапынан жақсы пікірге ие болған. Танымал әдеби сыншы Кэролайн Уолтон «Ourdear ancestors said honour is more valuable than life» («Біздің қасиетті бабаларымыз өмірден де қымбат - ар екенін айтып өткен») рецензиясында «Көрдемшенің қасіреті» хикаятының идеясы терең екенін атап өтеді. Хикаят жеті атадан қан араластырмау салтын ұстанып келген текті халық ұрпақтарының ұсақталып, азып бара жатқаны туралы ұлт тағдырына қатысты үлкен проблеманы көтереді.

Сәуле Досжан - жазушы, ақын, журналист, бірнеше әдеби сыйлықтың лауреаты. Соның ішінде, жазушының ағылшын тіліне аударылған «Өгей жүрек» шығармасы 2017 жылы Швецияда өткен Ашық еуразиялық әдеби конкурсында «Проза» жанры бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленген.

Жазушының шығармалар жинағын ағылшын тіліне Елден Сарыбай тәржімалаған. Елден Сарыбай «Перо» жеке қорының негізін қалаушы, ақын-аудармашы, саясаттанушы. 1989 жылы Алматы қаласында туған, Лондон университетінде білім алған.

Соңғы жаңалықтар