Жазушы Олжас Сүлейменов коронавирустың жеңіл түрін жұқтырып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның әйелі коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті растады.

«Олжас Сүлейменов пен жұбайы РВ-90 ауруханасына жатқызылды. Олардан коронавирус ифекциясының жеңіл түрі анықталды. Қазір олардың жағдайы жақсы. Ертең олар ауруханадан шығарылады», - деді басқармадағылар.

Қазақ ақыны, тілтанушы, жазушы Олжас Сүлейменов өткен жылы 84 жасқа толды.

Олжас Сүлейменов - «Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», І дәрежелі «Барыс», «Отан» ордендерімен, көптеген отандық және халықаралық медальдармен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар