Жазушы Мархабат Байғұт өмірден озды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт өмірден озды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Суыт хабар жетті. Мархабат Байғұт ағамыздың сағаты соғыпты. Бақұл болыңыз, Мархабат аға!

Қазақтың аяулы жазушысы Мархабат Байғұт ағамызбен қоштасу ертең, 27 қараша сағат 14:00-де Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрында өтеді. Жаназа намазы сағат 15:00-де Байғұт Баба мешітінде оқылады. Түлкібас ауданы Түркібасы әулие етегіндегі Азаттық ауылының мазарына қойылады», - деп жазды Шыңғыс Мұқан өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық басылымдарда, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Жазушының «Шілде», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Серт пен сенім» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Сонымен қатар, қаламгер В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, Ш.Айтматовтың шығармаларын, У.Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабын қазақ тіліне аударған.


Фото: facebook.com/mukan.shynggys
Соңғы жаңалықтар