Жазушы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған шаралар 2019 жылы 10-12 қазан акүндеріне жоспарланған. Шараның мақсаты - жазушы Ә.Кекілбайұлын халықаралық деңгейде танытып, дәріптеу.

10 қазанда басталатын шараға жазушымен әріптес болған әдебиет және өнер қайраткерлері, шығармаларын бірнеше тілге аударған аудармашылар, сондай-ақ Еуропа, Жапония, Түркия мемлекеті мен көршілес Ресей елінен ғалым, зерттеушілер шақырылады.

«Айта кету керек шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі қолдау көрсетуде. Шара барысында Ақтау қаласында Әбіш атамызға арналған мәдени орталық кешенінің алдында орналасатын көрнекті ескерткіштің және облыстық өлкетану музейінің ашылу салтанаты, оған қоса мәдениет, өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі өтеді деп жоспарлануда. Мерекелік шаралар заңғар жазушының туған жері Оңдыда жалғасын тауып, кейін Шетпе кентінде республикалық деңгейдегі «Сөз бен саз» бағдарламасымен толығады. Сондай-ақ Халықаралық деңгейдегі театрлар қатысатын «Әбіш әлемі» фестивалі және қазақтың ұлттық спорттық ойындары да ұйымдастырылады деп жоспарлануда», - деді облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев.


Мерейтой аясындағы шаралар жылдың басында қолға алынған. Мектеп оқушылары арасындағы «Әбіш оқулары», «Жас ақындар мүшәйрасы» сондай-ақ шығарма жазу сайыстары өткізілді. Қазіргі таңда шараның ресми логотипі әзірленіп, дайындық қарқынды жүргізілуде. Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен «Әбіш оқуларының» жеңімпаздарына, филиология және журналистика саласында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге Әбіш Кекілбаев атындағы шәкіртақы тағайындалмақ.

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орайластырылған шаралар легі тек қана Маңғыстау облысымен ғана шектелмей, 6 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында жалғасады.




Соңғы жаңалықтар