Жазғы универсиада: Қазақстан еншісінде - 16 медаль

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 30 тамыз күні Қытайдың Тайбэй қаласында 2017 жылғы Жазғы универсиада ойындарының  соңғы күні өтеді. Дегенмен, Қазақстан құрамасына нәтижелерді қазірдің өзінде шығара беруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz  сайтына сілтеме жасап.

Жарыстардың соңғы күнінде медальдардың бір ғана жиынтығы сарапқа салынады. Медальдар үшін су полосында ерлер командалары таласатын болады. Ал Қазақстан спорттың бұл түріне қатыспайды.

Осылайша, Қазақстан 2017 жылғы Жазғы универсиада ойындарында 16 медаль жеңіп алды, олардың 3-еуі - алтын, 6-  күміс, 7 - қола.

«Алтынды» ауыр атлеттеріміз Альберт Линдер (69 келіге дейін), Айдар Қазов (77 келі) пен Денис Ұланов (85 келі) алып келді.

Күміс жүлдегерлер - жүзуден Дмитрий Баландин (200 метрге брасс әдісімен жүзуден), таэквондошы Жансель Дениз  (73 келі), ауыр атлеттер Рүстем Сыбай (94 келі) мен Карина Горичева (69 келі), жеңіл атлет Сергей Григорьев (сырықпен секіру) пен у-шу шебері Руслан Либиров (70 келі).

«Қоланы» дзюдошылар Рустам Ибраев (60 келі), Бекәділ Шәймерденов (73 келі) пен Отгонцецэг Галбадрах (48 келі), жүзуден Дмитрий Баландин (брасс әдісімен 100 метрге жүзу), Қазақстанның таэквондодан ерлер командасы, жеңіл атлет Арли Чонтей (56 келі) мен у-шу шебері Бағдат Кенжетаев (80 келі) иеленді.

 

Соңғы жаңалықтар