Жазғы универсиада: Ел құрамасы қоржынына тоғыз медаль түсті

None
Фото: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел құрамасы қоржынына тағы төрт медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасынан садақшы Диана Тұрсынбек олимпиадалық садақ ату сайысында финалда оңтүстіккореялық Чой Ми Сунге 2:6 есебімен есе жіберіп қойды.

Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева екі жүлдеге ие болды. Ол доппен ойын көрсету сайысында екінші орын алды.

Бірінші орын Венгрия спортшысына бұйырса, үздік үштікті болгариялық гимнастшы түйіндеді.

Эльжана құрсаумен сайыстың жекелей сынында «қола» алды. Алдында Венгрия және Украина спортшылары тұр.

Дзюдошы Бекарыс Сәдуақас (100 келі) «қола» жүлдеге қол созды.

Ол 3-орын үшін сайыста франциялық Кенни Левезені тізе бүктірді.

Ел құрамасынан «қоланы» шағын калибрлі винтовкадан ату шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Никита Шахторин, тез атылатын тапаншадан ату дисциплинасында Никита Чирюкин алды.

Сондай-ақ. дзюдошылар Сұңғат Жұбатқан, Асқар Нарқұлов қола медаль жеңіп алған еді.

Дүбірлі додада Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста үшінші орын алды.


Соңғы жаңалықтар