Жазғы лагерьлерде полицейлер тәулік бойы кезекшілікте болады - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер ата-аналарды кәмелет жасқа толмаған балаларын жазғы демалыс уақытында қатаң бақылап отыруға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ІІД ақпаратынша, ювеналдық полиция инспекторлары жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды бастап кетті.

«Ювеналдық полиция қызметкерлері барлық ата-аналарға кәмелетке толмағандардың сағат 23-00-ден кейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде жүргендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатындарын ескертеді», - деді баспасөз қызметінде.

Биылғы жылы 4 айдың ішінде облыс полицейлері кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта үйден тыс және көңіл көтеретін жерлерде жүргендері үшін 638 заңды өкілді әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Жергілікті полицейлік қызмет басшысының міндетін орындаушы Арыстан Сұлтанғазиевтің айтуынша, демалыс кезеңінде күнде түнгі рейд ұйымдастырылады. Алл жазда өңірдің барлық сауықтыру лагерьлерінде ювеналды полицейлер кезекшілікте тұратын болады. 

Соңғы жаңалықтар