Жазғы демалыс маусымында Алакөл аймағына 11 пойыз қатынайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат тілшісі - Биыл жазғы демалыс маусымында Алакөл аймағына 11 жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі rail-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Нақтылай айтқанда, Алматыдан аптасына екі рет «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Тальго «Алматы-2-Достық» жүрдек пойызы қатынаса, тура осы құрамның жүрдек емес жай пойызы да осындай жиілікпен қатынайды.

Сонымен қатар жұп күндері «Алматы-2-Достық» пойызының ауысып отыруға болмайтын вагондары, «Вагонсервис Алматы» ЖШС-ның «Алматы-Достық» пойыздары аптасына 3 рет, «ТұранЭкспресс» ЖШС-ның «Алматы-2- Достық» пойызы да аптасына үш рет Алакөлге барып келеді.

«Ал Нұр-Сұлтан қаласынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ- ның 2 пойызы аптасына 2 рет және жеке тасымалдаушының 1 пойызы жұп күндері Нұр-Сұлтан-1 және Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станцияларынан Достыққа қатынайды. Шығыс Қазақстан облысынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Семей-Достық», «Өскемен -Достық» бағдарлары бойынша пойыздары тақ күндері және «Ақтоғай-Достық» пойызы күн сайын жүретін болады», - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, бұған дейін Алакөлге демалушыларды жаңарған вагондар тасымалдайтынын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар