Жазғы Азия ойындарына Қызылордадан 13 спортшы қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның Джакарта қаласында өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына Қызылорда облысынан 13 спортшы барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шонғалованың таратқан мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Азиада ойындарында өңірдің 13 спортшысы 6 спорт түрінен  бақтарын сынамақ.

Атап айтсақ, байдарка және каноэде есуден Мерей Миербеков,  каратэ-додан Мөлдір Жаңбырбай, таеквондодан Айнұр Есбергенова, белбеу күресінен Арайлым Қанзада,  Нұрлыбек Алдабергенов, стенд атудан Максим Коломоец, гандболдан  Дана Әбілда, Мария Пупченкова, Татьяна Давыдова,  Наталья Ильина, Жаннат Әйтенова, Виктория Колотинская, Вероника Хардина қатысады.

Айта кетейік, 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Азия ойындарында қызылордалық спортшылар арасында ауыр атлетикадан Алмас Өтешов күміс жүлдені иеленсе, гандболдан Евгения Цупенкова, Виктория Колотинская, Наталья Ильина Қазақстан құрама сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені еншілеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Джакартада өтетін Азия ойындарында 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.  Қазақстаннан 419 спортшы спорттың  38 түрінен  жарыс жолына шығады.

Азия ойындарына қатысатын облыс спортшылары:

 Мерей Медетов

nullСпорттық атағы: байдарка және каноэде есуден ҚРХДСШ

Спорттық жетістіктері: бірнеше дүркін Қазақстан жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013), Әлем кубогының күміс жүлдегері (2017), Азия чемпионы (2017).

Жаттықтырушысы: Мұхитдин Миербеков




Мөлдір Жаңбырбай

null Спорттық атағы: каратэ-додан  ҚРХДСШ

Спорттық жетістіктері: ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы,           3 рет Азия (2013, 2017, 2018), 3 рет Әлем чемпионы (2015, 2016 -2 рет).

Жаттықтырушысы: ҚРЕСЖ  Рүстем Әбжәмиев.



Айнұр Есбергенова

null Спорттық атағы: таеквондодан  ҚРСШ

Спорттық жетістіктері: 2 дүркін ҚР жеңімпазы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Ислам ойындарының күміс жүлдегері (2017).

Жаттықтырушысы: Николай Курноскин.




Максим Коломоец

null

Спорттық атағы: стенд атудан  ҚРХДСШ

Спорттық жетістіктері: ҚР 7 дүркін жеңімпазы, студенттер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2012), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2014).






Арайлым Қанзада

null Спорттық атағы: белбеу күресінен  ҚРСШ

Спорттық жетістіктері: ҚР жеңімпазы, жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017)

Жаттықтырушысы: Әбдісаттар Садықов.

Нұрлыбек Алдабергенов

Спорттық атағы: белбеу күресінен  ҚРСШ

Спорттық жетістіктері: 5 дүркін ҚР жеңімпазы, жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2012), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017), Әлем кубогының күміс жүлдегері (2017).

Жаттықтырушысы: Әбдісаттар Садықов.

Гандбол. «Қайсар КАМ-ҚМУ» ГК
null

Қазақстан ұлттық құрама команда сапында ойнайтын облыс спортшылары: Дана Әбілда, Мария Пупченкова, Татьяна Давыдова,  Наталья Ильина, Жаннат Әйтенова, Виктория Колотинская, Вероника Хардина.

Команда капитаны: Дана Әбілда.

Спорттық жетістіктері: гандболдан 11 дүркін ҚР жеңімпазы, 4 мәрте Жастар спорт ойындарының  және 3 мәрте ҚР спартакиадасының  жеңімпазы, клубтар лигасының 1-ші Азия чемпионы, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Әлем және Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Жаттықтырушысы: ҚРЕСЖ Вячеслав Ким.

Соңғы жаңалықтар