Жазда жұмыс істегісі келетін балаларды есірткі таратушылар пайдалануы мүмкін – ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі балалардың жазғы жұмысы жөнінде оқушылар мен ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазғы демалыс басталысымен балалар уақытша жұмыс іздей бастайды. Мұны есірткіні таратушылар пайдалануы мүмкін, олар түрлі интернет-платформаларда жұмыс орындары туралы жарнама жасап, қомақты қаражатпен қызықтырады. Осыған байланысты азаматтардан өз балаларын назардан тыс қалдырмауды және бақылау жасауды сұраймыз. Балаларға мұндай табыстың қауіпті екенін түсіндіру керек және жұмыс сипатын тексермей, сайт әкімшісі, курьер болып жұмыс істеу ұсыныстарын қабылдамау керек. Есірткінің заңсыз айналымындағы қылмыс қатарына әлеуметтік желі парақшасында әкімші болу, интернетте есірткі туралы ақпарат тарату және тасымалдау да кіреді», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрлік ұйымдастырған брифингте.

Заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыс үшін жауапкершілік 16 жастан басталады және 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Соңғы жаңалықтар