USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Жазда коронавирус тыйыла ма - министрлік жауабы

2020 жылғы 18 мамыр 16:28
Бөлісіңіз:
Жазда коронавирус тыйыла ма - министрлік жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазда коронавирустың таралуының төмендеуі күн сәулесіне немесе температураға байланысты емес. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вирустың (коронавирустың) жаңадан пайда болғанын, бұрын-соңды болмағандығын түсіну қажет. Зерттеулер барысында егжей-тегжейлері шығып жатады. Бірақ, жаздағы температураның әсері жаз кезеңінде маусымдық тұмаудың немесе ЖРВИ-дің төмендеуіне негізгі себеп еместігін айыра білу керек. Жыл сайын ЖРВИ-ді тек қана күзде, көктемде тіркемейміз. Қыста, тіпті жазда да тіркеледі», - деді ол.

Дегенмен, комитет басшысының айтуынша, жаз айларында тұмау мен ЖРВИ аз тіркеледі.

«Бұл, ең бірінші кезекте, күн сәулесіне немесе температураға байланысты емес. Жазда ғимараттарды желдетіп алуға мүмкіндік туып, қоршаған ортада вирустардың саны айтарлықтай артатын жабық ғимараттарда адамдардың шоғырлануы азаяды. Ал болжамға келер болсақ, вирус өзін алдағы уақытта қалай ұстайтындығын ешкім дөп басып айта алмайды», - деді Тимур Сұлтанғазиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT