Жазда ерекше балаларға арналған «Мейірім» инклюзивті әлеуметтік жобасы басталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында оқушылардың жазғы демалысында ұйымдастырылатын мәдени шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазғы демалыс кезінде мәдениет саласында 500-ден астам, спорт және туризм салаларында 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады.

Бүгінде мемлекеттік тапсырыс аясында шығармашылық және спорттық бағыттағы 114 түрлі үйірме мен секция қызметін жалғастырады.

Музейлер мен киелі орындарға тегін экскурсиялар ұйымдастыру, кітапханаларға бару, спектакльдер мен қойылымдар көрсету сияқты түрлі мәдени-бұқаралық іс-шара көзделген», - деді ол.

Министрдің сөзінше, жеткіншектердің демалысы мазмұнды болуына мәдение ошақтар барыншла тартылмақ.

«Ұлттық музей «Тарихи тұлғалар», «Шаңырақ», «Әсемдікке құштарлық», «Қызықты этнография», «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобалары шеңберінде экскурсиялар, дәрістер, шығармашылық кештер және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда, өткізуде, сондай-ақ «Мирас» және «Жас археолог», «Кескіндеме және графика», «Шебер» арнайы студиялары мен үйірмелері жұмыс істейді. Сонымен бірге, ерекшелігі бар келушілер үшін «Мейірім» инклюзивті әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Бұдан бөлек, «Музейдегі мектеп күні» іс-шарасы өтеді», - деді Асхат Оралов.


Соңғы жаңалықтар