Жазда балаларға арналған қандай конкурстар өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында жазда дарынды балаларға арналған қандай конкурстар ұйымдастырлатынын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазғы демалыс кезінде «Temps lié» кәсіби хореографиялық білім берудің халықаралық фестивалі, «Шабыт», «Astana-Merey» халықаралық конкурстары, «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық қолөнер байқауы, «Алтын қазына» және «Арт-колонок» балалар шығармашылығы республикалық конкурстары өткізіледі.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай барлық мектеп лагерьлері мен балабақшаларында «Қазақстан менің әлемімде» асфальтта сурет салу конкурсы, «Менің елім Қазақстан» тақырыбында түрлі конкурс және «Менің туым – менің мақтанышым» флешмобы жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.

Министр аталған іс-шаралар мен жобалардың бәрі ақысыз болатынын атап өтті.

«Биыл министрлік «Qazaqstan Jastar Fest» спорттық-жастар фестивалінің жаңа жобасына бастамашылық жасады.

VI жазғы Спартакиада аясында «Спорттық жаз» челленджі бастау алады. Атақты спортшылар мен спорт жанашырлары әлеуметтік желілерде қысқа бейнероликтерді жүктеу арқылы спортпен шұғылдануды насихаттайтын болады. Сонымен қатар 23 маусымда еліміздің барлық өңірінде елорданың 25 жылдығын мерекелеуге және Халықаралық Олимпиада күніне орайластырылған «Мен спортты таңдаймын!» республикалық акциясы басталады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар