Жазда ауыз бекіткен адам оразаны шын мәнінде сезінеді

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Биыл күллі мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айы 9 шілдеде басталады.

Осыған орай, ауыз бекіту бір айға жалғасып, 8 тамызда аяқталады. Бұл туралы бүгін Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізген «Нұр Астана» мешітінің имамы Қалижан Заңқоев мәлім етті.

«Оразаның биылғы ерекшелігі баршылық. Рамазан айының алғашқы күні 9 шілдеде кіреді, ал таң намазы сағат 3:30-да басталады. Ендеше, осы таң намазына он минут қалғанға дейін ауыз бекітілуі керек. Қазір елімізде ораза ұстайтын азаматтар саны жыл сайын артып келеді», - дейді Қ. Заңқоев. Оның айтуынша, биыл ауыз бекіту уақыты ұзағырақ болады. «Дегенмен, жаздың күні ауыз бекіткен адам, оразаны шын мәнінде сезінеді. Өйткені, ораза дегеннің өзі нәпсіні тию. Ал нәпсінің өзі пендені жақсылыққа шақырмайды. Сол тұрғыдан алғанда нәпсіні тізгіндейтін биылғы оразаны, оның бұрынғыдан ұзағырақ болғанын ерекше күтіп отырғандар баршылық», - дейді Қ. Заңқоев.

Соңғы жаңалықтар