+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жазасын өтеп жатқан Бақытбек Есентаев журналистермен сұхбаттасудан бас тартты

2017 жылғы 10 шілде 15:34
Бөлісіңіз:
Жазасын өтеп жатқан Бақытбек Есентаев журналистермен сұхбаттасудан бас тартты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және облыстық жастар ресурстық орталығы ЛА-155/8 түзету мекемесінде шағын футболдан жарыс ұйымдастырған болатын. Оның мақсаты - жазасын өтеушілерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау. Осы мекемеде жазасын өтеп жатқан Бақытбек Есентаев аталған шараға барған журналистерге сұхбат беріп, бейнекамераға түсуден бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алайда Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуінің жағдайы туралы қатаң режімдегі түзету мекемесі басшысының орынбасары Әлихан Молдыбаев баяндап берді. «Сотталушы Есентаев 9 жылдық жазасының бір жылға жуық уақытын өтеп шықты. Оған қандай да бір жеңілдік көрсетіліп жатқан жоқ. Тіпті түрме ішіндегі жұмысқа да орналастырылмаған. Себебі бос жұмыс орны жоқ», -дейді Молдыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытбек Есентаев осыдан бір жыл бұрын әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақтаған болатын. Кейіннен продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінің бұл әрекетін кешірді. Алайда заң алдында бәрі бірдей деген қағидатпен сот Б. Есентаевты адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кету керек, Алматы облысындағы ЛА-155/8 түзету мекемесінде 800 дан астам адам жазасын өтеуде. Олардың 50-ге жуығы өз кәсіптерін ашып, нәпақаларын табуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT