+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Жазасын өтеп жатқан ағасына жасырып ұялы телефон өткізбек болған - Қызылорда

2019 жылғы 12 желтоқсан 19:54
Бөлісіңіз:
Жазасын өтеп жатқан ағасына жасырып ұялы телефон өткізбек болған - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында орын тепкен ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ағасымен кездесуге келген азамат шұлық ішіне жасырып ұялы телефон өткізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар ауыл әкіміне жемқорлық қылмысын жасады деген күдік келтіріліп отыр Алматыда Мәжіліс депутатын тонап кетті СҚО-ның сәулет-құрылыс саласының басшылығына пара алды деген күдік келтіріліп отыр

Ол ағасымен қысқа мерзімді кездесуге келген. Тексеру кезінде шұлық ішіне тығылған ұялы телефон табылды.

«Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің режім бөлімі мен жедел бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын дер кезінде анықтауға күш салып келеді. Сотталғандармен кездесуге келген олардың туыстарына ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің нормалары және жазасын өтеп жатқандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды енгізген тұлғалардың заң алдында жауапкершіліктерін түсіндіру кеңінен жүргізіледі. Осыған қарамастан шұлық ішіне ұялы телефон жасырып өткізбек болған азамат белгілі болды. Бұл бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іс- құжаттары толықтай рәсімделіп, шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының сотына жолданды», - деп мәлім етті Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.

Бұдан бұрын Қызылордада тергеу изоляторында отырған әйел босанғанғандығын хабарланған.

фото: vyatka-oblast.livejournal.com
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT