Жазасын өтеп шыққандардың қылмысқа қайта баруы азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Қазақстанда түрмеден босап шыққандардың қылмысқа қайта баруы 20,1 пайызға азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ақпаратына сүйенсек, қылмыстардың қайта жасалуына көбінесе жазасын өтеп шыққандардың адал жолға түсу ниетінің болмауы, жұмыссыздық және ішімдік ішуі себеп болып жатады.

«Қылмыстың қайтадан жасалуына әлеуметтік-тұрмыстық ахуал себеп болатыны белгілі. Сондықтан, олардың ең қажетті мәселелерін шешуде күш жұмылдырылады. Ең алдымен, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі. Ол көмек сотталған адамды әлеуметтік тұрғыда қоғамға қайта бейімдеуге бағытталған. 2019 жылдың басынан бері 50 мың сотталған азамат әлеуметтік-құқықтық көмек алды», - деп мәлім етті ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев бүгін Алматыда өткен «II Орталық Азия диалогы: түрмедегі халық санын азайту және пробация қызметін дамыту» тақырыбындағы конференцияда.

Нақтырақ айтқанда, пробация қызметінің мамандарының арқасында есепте тұрған 7,5 мың адам жұмысқа орналастырылып, 11 мың адамның ем-домы бойынша көмек көрсетілген. Тағы 30 мың адамға психологиялық жәрдем берілсе, 130 сотталған азамат білім алып, қоғамға бейімделіп келеді.

Соңғы жаңалықтар