Жайылымды киіктен қорғау үшін үркітетін нысандар салынып, құдықтар қазылады

None
Фото:turkystan.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында жайылымдарды киіктерден қорғау бағытында қандай шаралар қабылданатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайылымдарды киіктен қорғау мәселесін шешу үшін қазіргі уақытта қорқыту құрылыстарын орнату мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ауыл шаруашылығы жерлерін бүлінуден қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тауарлық дақылдарды киіктердік бүлінуден қорғау мақсатында киік үшін олардың табиғи мекендеу орындарында жасанды суару құдықтарын құру жоспарланған», - деп жазады Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, киік суаты ретінде жасанды су қоймалары салынбақ.

«Осылайша, құдықтар мен басқа да жасанды су қоймаларының қосымша желісін салу киіктердің санын шөлейт аймақтың аумағына біркелкі бөлуге мүмкіндік беруі керек, бұл жануарлардың егіншілік аймағына өтуіне кедергі келтіреді», - деп жазылған жауапта.


Соңғы жаңалықтар