Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Жайылымдарда құдық қазуға 22 млрд теңге бөлінбек - АШМ

2017 жылғы 7 желтоқсан 18:15 1683
Бөлісіңіз:
Жайылымдарда құдық қазуға 22 млрд теңге бөлінбек - АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жайылым жерлерді суландыру үшін қазылатын 3500 құдықтың құрылысына 22 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының кеңесінде «Аграрлық сала» бағыты бойынша өткен комитет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Вице-министр жайылым жерлердің құнарынан айырылып, шөлге айнала бастауының бір себебі жүйесіз қолдану, жайылымдық айналымның болмауы, жайылымды алқаптардың жағдайын жақсарту бағытында жұмыстың жүргізілмеуі себеп болып отырғанын айтады.

«Жайылым жерлерді суландыру үшін мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жұмыс жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 18 миллион гектар аумаққа 3500 құдық қазу көзделген. Бұл бағытта 22 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Осы жұмыс сәтті жүзеге асқан жағдайда Қазақстандағы суландырылған жайылым жерлердің аумағы 60 миллион гектарға жетеді», - дейді Ерлан Нысанбаев.

Вице-министр келесі жылы 722 құдықтың құрылысы жүргізілетінін атап өтті.

Белгілі болғандай, Қазақстанда қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қолданысында 70 миллион гектар жайылым жер бар. Тұрғылықты мекендердегі жайылым жердің аумағы - 20,8 миллион гектар. Бұған қоса қосымша тағы 76,8 миллион гектар жайылым жер резервте тұр.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат