Жайықтың жағасында тұрған қайықта ойнап жүрген бала суға батып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жағадағы қайықтың үстінде ойнаған бала Жайыққа батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға кеше, 14 тамызда кешкі мезгілде болған.

«Атырау қаласына таяу орналасқан Қызылбалық ауылында сағат 21:00 шамасында Жайық өзенінің жағасында тұрған қайықтың үстінде ойнаған бала суға құлаған. Баланың жасы – 7-де. Оны іздестіру жергілікті уақытпен сағат 22:25-те басталды», -деп хабарлады қоғаммен байланыс тобынан.

Жайық өзеніне батып кеткен баланы іздестіруге департаменттің 3 сүңгуірі мен 1 техникасы тартылды. Бала әлі табылған жоқ.

Биылғы жыл басынан бері Атырау облысының су айдындарында жыл басынан бері 17 адам суға батып кетті. Оның ішінде кәмелет жасына толмаған 6 жасөспірім бар.

Атырау қаласында 2, Махамбет ауданында 6, Құрманғазыда – 3 Жылыойда – 2, Қызылқоғада – 2, Индер ауданында 2 адам суға батып кеткен. Су айдындарында 6 жасөспірім жантәсілім еткен.

«Биыл суға түсу маусымы басталған 1 маусымынан бері 11 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты. Департаментке қарасты жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батқан 6 адамды құтқарып қалды. Оның ішінде 3 бала бар. Су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, полицейлермен, Атырау қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық іс-шараларға 273 адам мен 44 автокөлік, жүзу құралдары тартылып отыр», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар