Жайықтың бойындағы су қоймалары ортақ режиммен жұмыс істейтін болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық алдында есептік кездесуін өткізген Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Жайықтың экологиялық проблемасы қалай шешілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы 2019 жылдан бастап су аз кезеңге тап келгенімізді анық көріп отырмыз. Бірінші кезекте су тапшылығы Оңтүстік пен Батыста қатты сезіліп отыр. 2019 жылы Жайықта рекордтық аз мөлшер байқалды. 3,5 мың текше шақырымнан сәл ғана асты. Ал орташа жылдық көрсеткіш 9 мың шаршы шақырым болуы керек. Яғни, орташа есептен 3 еседей түсіп кеткен. Былтыр 2019 жылға қарағанда сәл жақсырақ болды. Ал биыл вегетациялық кезеңді былтырғыдан тәуір өткіземіз деп үміттенемін. Оған қажет алғышарттардың бәрі бар», - деген министр аталған алғышарттарға жеке-жеке тоқталды.

«Біріншіден, қазір ресейлік әріптестерімізбен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Биылдың өзінде министрлер деңгейінде 3 рет кездестік, сарапшылар даүнемі бірлескен жұмыстар жүргізіп отыр. Жайықтың проблемасын бірлесіп зерттеп жатырмыз. Мұнда әр елдің өз бюжеті бар. Бізге келсек, Жайықтық экологиялық режимін зерттеуге 50 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ең бастысы, өзеннің гидрологиясын зерттеп, өзеннің су қорына байланысты болжамдарды нақтылауымыз, ластану көздері мен оның азайтудың жолдарын анықтауымыз керек. Осының бәрін анықтап барып, ресейліктермен бірге су қоймаларының ортақ режимін түзуіміз қажет. Бұл су шлюздері етектегі елге ылғал қажет боғлан кезде ғана ашылуын қадағалау үшін керек», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар