Жайықтан тағы 5,8 тонна өлі балық жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жайық өзенінен тағы 5,8 тонна өлі балық жиналды. Бұл жайында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16-17 наурыз аралығында Жайық өзенінен 5,8 тонна өлі балық жиналды. Жайық өзенінен жиналған балық саны 19,2 тоннаға жетті. Осы уақытқа дейін Жайықта өлген балық көлемі 123,2 тоннаны құрады. Бүгінгі күні балық жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Өлекселер «Спецавтобаза» ЖШС-ға тапсырылып, жойылуда», - деп жазды ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылуын тексеретін арнайы комиссия құрылды. ҚР ІІМ де арнайы тексеру жұмыстарын қолға алды.

«Жайықтағы балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша Атырау облысы полиция департаменті 2 қылмыстық істі тіркеді. 29 қаңтарда қылмыстық істер ҚР ІІМ тергеу департаментіне берілді», - деп хабарлаған еді Атырау облыстық полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар