Жайықтағы балықтың қырылу оқиғасын ІІМ бақылауға алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жайық өзенінде балықтық жаппай қырылу оқиғасын ҚР ІІМ тексеретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайықтағы балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша Атырау облысы полция департаменті 2 қылмыстық істі тіркеді. 29 қаңтарда қылмыстық істер ҚР ІІМ Тергеу департаментіне берілді», - деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс Ішкі істер министрлігі басшысының бақылауына алынған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында балықтың қырылғаны туралы бірнеше ақпарат жариялаған болатынбыз.

Нақтырақ айтқанда, өткен жылдың желтоқсан айының басында Атырау қаласының сыртындағы Перетаск шағын өзенінде балықтардың жаппай қырылу оқиғасы тіркелген еді.

Арада апта өтпей Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылғаны анықталған. Айта кетейік, Атырауда Жайық өзенін балық өлекселерінен тазарту шаралары қолға алынды.

Соңғы жаңалықтар