+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Жайықта мұз ойығына түсіп кеткен велосипедші құтқарылды

2019 жылғы 9 желтоқсан 16:40
Бөлісіңіз:
Жайықта мұз ойығына түсіп кеткен велосипедші құтқарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайықтың әлі қатпаған мұз ойығына түсіп кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада полицей отқа оранған пәтерден әйел адамды алып шықты Францияда білгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдап, 2 адамды мерт қылды Коронавирус: Францияда түрмеде отырған 6 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

«Адамның өмірін көшедегі бейнебақылау камерасының көмегімен құтқарды. Камераға оқиға болған сәт жазылып қалған.

Бұл келеңсіз жағдай бүгін күндіз сағат шамамен 12:20 кезінде қала орталығында, Әлиев пен Сатыбалдиев көшелерін жалғап тұрған автокөлік көпірінің астында болған. Өзеннің ортасында велосипедпен келе жатқан ер адам құлап, мұз ойығына түсіп кеткен. Оқиға орнына шүғыл түрде полиция патрульдік экипажы, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел жәрдем бригадасы келді. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлесіп әрекет етуінің нәтижесінде 1988 жылы туған ер адам судан құтқарылды және жағада күтіп тұрған дәрігерлерге тапсырылды», - деп хабарлады аймақтың Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Атырау облысының Полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына Жайық өзеніндегі мұздың әлі қатпағандығын ескертеді. Сонымен қатар, күндізгі уақытта ауа температурасы жылы болады. Полицейлер азаматтардың өз басын қауіп-қатерге тікпеуге, яғни өзеннің мұзымен жүрмеуге шақырады.

Автор: А. Соколов
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT