+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Жайықта балықтың жаппай қырылуына қатысы бар күдіктілердің соты басталды

2019 жылғы 5 шілде 14:21
Бөлісіңіз:
Жайықта балықтың жаппай қырылуына қатысы бар күдіктілердің соты басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жайықта жаппай балық улануына қатысы бар күдіктілердің үстінен сот процесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотқа дейін тергеу жүргізген ІІМ Тергеу бригадасының нұсқасы бойынша, «Атырау су арнасы» ҚМК Жайық өзеніне құрамында хлоры көп суды өзенге жіберіп, балықтар қырылған. Сотталушылар арасында кәсіпорынның бұрынғы директоры, оның орынбасары мен су тазалау стансасының басшысы бар. Олардың барлығы ҚР ҚК 328-бабы 3-бөлігі («Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер») және 2014-бабы 2-бөлігі («Отпен немесе қаупі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет») бойынша айыпталып жатыр. Сондай-ақ, кәсіпорын басшысына қатысты қосымша ҚР ҚК 371-бабы («Салғырттық») бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Еске салайық, Жайық өзенінде былтыр желтоқсанда балықтар жаппай қырылып қалды. Барлығы 120 тонна балық, соның ішінде 101 тоннасы бекіре тұқымдастар болған.



Автор: А.Соколов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT