+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Жайықта балықтың қырылуына «Атырау су арнасы» кінәлі - ІІМ

2019 жылғы 6 маусым 18:24
Бөлісіңіз:
Жайықта балықтың қырылуына «Атырау су арнасы» кінәлі - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Атырау су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрамында хлоры көп суды Жайық өзеніне ағызуы балықтың қырылуына себеп болған. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Жайықтағы балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша Атырау облыстық полиция департаменті 2 қылмыстық істі тіркеп, олар ҚР ІІМ тергеу департаментіне берілгенін хабарлаған едік.

Осы жылдың 28 мамырында ҚР Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеу шараларын аяқтап, процеске қатысушыларды қылмыстық істің материалдарымен таныстыруды бастаған. Тергеу шаралары барысында «Атырау су арнасы» КМК құрамында хлоры көп суды Жайық өзеніне ағызуы балықтардың қырылуына себеп болғаны анықталған.

«Қазіргі уақытта директор, оның орынбасары және «Атырау су арнасы» МКК су тазарту стансасының бастығы ҚР ҚК 328-бабы, 3-бөлімі (судың үстіңгі қабатын ластау, соның салдарынан қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде зиян тигізу) және ҚК 204-бабы, 2-бөлімі (бөтеннің мүлкін жою, аса ірі мөлшерде зиян келтіру) бойынша күдікті деп танылды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысына қатысты қосымша ҚК 371-бабы (ұқыпсыздық) бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деп атап өтті министрліктен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT