Жайықта балықтардың қырылу оқиғасын тексеретін комиссия құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылуын тексеретін арнайы комиссия құрылды. Бұл жайында Үкімет отырысынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір комиссия құрылды, ол мән-жайды анықтайтын болады. Комиссияның Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысы болмайды», - деді Сапархан Омаров.

Бұған дейін ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің ресми өкілі Сәкен Ділдахмет өткен демалыс күндері Жайық өзенінен 3,1 тонна өлі балық жинап алынғанын айтқан болатын.

Оның айтуынша, жинап алынған балыққа және шығынға қатысты акті жасалды. Құжат 2018 жылдың желтоқсанында Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркеледі. Жалпы Атырау облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 336 және 328-баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғаған.

Соңғы жаңалықтар