+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жайыққа батып кеткен 44 жастағы азаматтың денесі табылды

2020 жылғы 5 шілде 02:10
Бөлісіңіз:
Жайыққа батып кеткен 44 жастағы азаматтың денесі табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өзенге батып кеткен жігіттің денесі табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада суға кеткен 11 жастағы ұл баланың денесі табылды СҚО-да бала-шағасымен көл басына демалуға барған екі ер адам суға кетті Қызылордада 25 жастағы жігіт Сырдарияға батып кетті

«Жұма күні Жайық өзеніне батып кеткен 1976 жылы туған азаматтың денесі табылып, судан шығарылды» деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға кеше қала маңындағы Ақсай елдімекенінде болған. Сол жерде 44 жастағы азамат Жайық өзенінің шомылуға рұқсат берілмеген жағалауында суға түскен. Ол сонда шомылып жүріп өзенге батып кетті.

Құтқарушылар марқұмның денесін кеше қараңғы түскенше өзеннен іздеп, таба алмаған болатын. Бүгін операция әрі қарай жалғасып, мәйіт табылды.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті арнайы жабдықталған жағалауда ғана шомылу керектігін еске салады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT