Жайыққа батып кеткен 25 жасар жігіттің денесі іздестірілуде - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 6 тамыз күні сағат 18.00 шамасында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында 25 жасар тұрғын Жайыққа батып кеткен.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Амангелдіұлының айтуынша, дәл сол 6 тамыз жігіттің туған күні екен. Соны достарымен атап өтуге өзен жағасына барған.

Бүгін үшінші күн сүңгуірлер жігіттің денесін іздестіруде. Мұндай жұмыс алғашқы үш күнде белсенді жүргізіледі. Іздестіру он күнге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар