«Жайық Жарығы» ЖШС директоры 2 жылға сотталды
2022 жылғы 28 маусым 11:33

«Жайық Жарығы» ЖШС директоры 2 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Жайық Жарығы» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

2019 жылы ЖШС басшысы Атырау облысы Құлсары қаласының аумағын жарықтандыру үшін 150 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып танылды.

Алайда ол заңнама талаптарын және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартпен алынған міндеттерді бұзып, рәсімделген құжаттарда көрсетілген жарық шамдарды орнатудың орнына, арзан, нашар сападағы жарық шамдарға ауыстырып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иеленген. Бұл әрекетімен мемлекеттік бюджетке 4 млн теңгеден астам залал келтірген.

Сот үкімімен аталған серіктестік басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT