Жайық суы тұрғындар үшін қауіпсіз - облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда балықтардың қырылуына байланысты Жайық өзенін зерттеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Желтоқсан айының басынан Жайық өзенінде балықтың қырылу фактісі тіркелген болатын. 10 желтоқсан күні облыстық әкімдікте ведомствоаралық комиссияның жиыны өтті.

Бүгінгі таңда 110 балықтың өлгендігі анықталды, қалған балықтарға да осындай қауіп төніп тұр.  

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің айтуынша, зертханалық зерттеулер жүргізілді, су құрамы таза, адамдардың өміріне қауіп жоқ.

«Қазір жағдай толықтай бақылауда. Төтенше жағдай тек Атырау қаласы бойынша болды, аудандарда мұндай ақпарат тіркелмеді. Алынған сынамалар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Аталған жағдай тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізбейді»,- дейді Атырау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек Мусағалиев.null

Комиссия отырысында Нұрлан Ноғаев атқарушы органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

«Мәселе шұғыл түрде шешімін табуы керек. Қажет деп тапқан мүмкіндіктердің барлығын қолданып, балықтың нақты неден өлгенін анықтаңыздар. Уәкілетті органдардың барлық күші балықтың қырылу мәселесін алдын-алуға жұмылдырылуы қажет»,- деп тапсырды облыс әкімі.null

Айта кетейік, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарларды қорғау инспекциясынан ведомствоаралық комиссия құрылды.

Комиссия құрамына Атырау облыстық балық шарушылығы басқармасы, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, экология департаменті, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, ветеренариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы, төтенше жағдайлар департаменті мен Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары енді. Зерттеу барысында xимиялық зерттеуге су сынамалары алынды.

Соңғы жаңалықтар