Жайық пен Қиғаш өзендерін тереңдету жалғасады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында Жайық пен Қиғаш өзендерін тереңдету жұмыстары жалғастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, Жайық пен Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы мақсатқа 7,1 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Тереңдетілетін аумақтың жалпы ұзындығы – 214 км.

«Жайық өзенін, Құрманғазы, Жарқосын, Яицкий каналдарын тереңдету жұмыстарын жүргізудің мақсаты – балық қорын сақтау, балықтың табиғи өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау» - деді аймақ басшысы.

Қазірге дейін 91,1 км аумақ тереңдетілген. Жұмыстар биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге қарастырылған.



Соңғы жаңалықтар