Жайық өзенінің үстінде ойнап жүрген екі бала мұз астына кетті

None
None
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Жайық өзенінің үстінде ойнап жүрген екі бала мұз астына кетті.

Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Оқиға кеше кешкісін Атырау облысының Индер ауданына қарасты Индербор елді мекенінде орын алып, мұз үстінде ойнап жүрген 1999 жылы дүниеге келген екі бала су астына кеткен. Біреуінің денесі судан шығарылды, ал екіншісінің денесін судан құтқару қызметінің мамандары іздестіру үстінде.

Баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 6 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар