Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасының тереңдігі өлшенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасының тереңдігі өлшенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше,

арнайы топ құрылып, Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасында өлшеу жұмыстары

жүргізілді. Топ құрамына облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы, «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының техник-гидролигі

Фазилат Құсайынов, облыстық экология департаментінің бас маманы Әсима Қайыржанова, балық шаруашылығы саласының ардагері Санат Тілепбергенов, табиғат

пайдаланушы мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді.

Мақсат – өзеннің теңізге құяр сағасындағы су тереңдігін анықтау. Өлшеу жұмыстарын жүргізген топ мүшелері Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы өте тайыз деген қорытындыға жасады. Нақтылай айтқанда, судың тереңдігі Жайық өзенінен 1 шақырым

қашықтықта – 1,10 метр, 800 метр жерде – 0,75 метр, 500 метр тұста – 0,71 метр, 300 метр

аумақта – 0,83 метр, ал, теңізге құяр сағасында 0,43 метрді құраған.

«Бұл – өте төмен деңгей. Оның үстіне, бірнеше күннен бері теңіз жақтан жел соғып тұр.

Демек, теңіз суы өзенге келіп жатыр. Соның өзінде өзеннің теңізге құяр сағасы бітеліп

жатыр. Ал, теңіз суы кері қайтқанда не болмақ? Сондықтан, тез арада теңіз түбін қазу

қажет. Теңіздің өзенге құяр сағасы тереңдетілмесе, балықтар да, кемелер де тайыз судан өте алмайды. Бұл су астындағы тіршілікке де, балық кәсіпшлігіне де кері әсерін тигізеді» - дейді Артур Сәдібекұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 торлы ау

шығарылғанын хабарлаған болатынбыз .


Соңғы жаңалықтар