Жайық өзенінен салмағы 17,5 кг болатын бекіретұқымдас балық ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жайық өзенінде сирек кездесетін шоқыр балығы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Жайық өзенінде балық қорын сақтауға бағытталған шаралар жүріп жатыр. Дегенмен бекіретұқымдас балықтарды өсіретін екі зауыт пен өндірістік кооператив арасында ғылыми мақсатта балық аулауға болатындығы жөнінде келісім жасалған. Осы келісім негізінде балық аулау кезінде ауға салмағы 17,5 кг болатын шоқыр балығы түсті. Мұндай үлкен балық соңғы 15 жыл көлемінде қолға түспеген. Балық зауыттардың біріне жіберілді»,-деп хабарлады Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының өкілдері.

Атырау бекіретұқымдас балық зауытында ұсталған балықтың уылдырық шашатын кезі келгендігі хабарланды. Одан шамамен 5-6 кг уылдырық алынып, уылдырықтан шамамен 200 мыңның көлемінде шабақтар шығады деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар