Жайық өзенінен бір сағатта 1 тонна балық ауланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Балықшылар Жайық өзенінен бір сағатта бір тонна балық аулады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев шекара қызметі, полиция, балық шаруашылықтары басшыларымен бірге Жайық-Каспий бассейнінің жағалау аумағын шолып шықты.

Облыс әкімі «Амангелді» өндрістік кооперативінің балық аулайтын учаскесінде балықшылардың жұмыс барысымен танысты.

Балықшылардың айтуынша, тірі балық аз болса да, бар. Осы кезең үшін бұл қалыпты жағдай. Негізінен Жайықтың жағасында кездеседі.

«Су әлі салқын. Балық аулау енді басталды. Бірақ балық бар екенін көрдік. Сазан, көксерке, табан, қаракөз бар», - дейді балықшылар.

Аталған балық аулау кооперативінің лимиті 1100 тонна. Жыл сайын осындай көлемде балық ауланады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа ауланған балықтарға толы баржаларды қарап, ауға түсіп жатқан балықтар арасында өлілері бар-жоғын сұрады.
null

«Бұл өткен жылы қыс мезгілінде өлген балықтар. Мұз еріген соң жағалауға шығып жатыр», - деп есептейді балықшылар.

Бір сағаттың ішінде аудан 1 тоннаға жуық балық шығарылды. Көктемгі маусым басталған төрт күн ішінде 7,8 тонна балық ауланды.

Облыс бойынша балық аулау лимиті 4500 тонна. Өңірдегі 11 кооператив 14 учаскеде осындай мөлшердегі лимитті игереді. Соңғы деректер бойынша, 13,5 тонна қара балық ауланған.

Облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының балық аулау учаскесіне де барды. Аймақ басшысы өзенді тазалап, балық аулауға дайындық шаралары қалай жүріп жатқанына көз жеткізді.

Нұрлан Ноғаев өзен жағалауының тазалығына назар аударды. Жайық жағасында жатқан қоқыстарды жинауды да ұмытпау керектігін ескертті.
null

Облыс әкімі қала мен селолық округтердің әкімдеріне, жергілікті мемлекеттік мекеме басшыларына нақтылы тапсырмалар берді.

«Қоқыс жинау жұмыстарын жеделдету қажет. Ол үшін адам ресурстары да, көлік те жеткілікті. Су келіп, ағын күшейгенге дейін жинап үлгеру керек. Бұл жұмысқа бәрі жұмылуы тиіс. Балық аулау кооперативтері айналысып жатыр. Су көлігімен резерват, ТЖ көмектеседі. Біздің міндетіміз қоқыстарды жинап, тазалықты қалпына келтіру», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар