+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Жайық өзенінен 3,1 тонна өлі балық алынды

2019 жылғы 11 наурыз 17:10
Бөлісіңіз:
Жайық өзенінен 3,1 тонна өлі балық алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Жайық өзенінен 3,1 тонна өлі балық жинап алынды. Бұл жайында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің ресми өкілі Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 7-8 наурыз күндері Жайық өзенінің мұзы ерігеннен кейін «Арнайыавтобаз» ЖШС, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы, Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы қызметкерлері 493 келі өлі балық жинады. 9-10 наурыз күндері Атырау қаласы тұрғындарының көмегімен 2 621,5 келі өлі балық жинап алынды. 2019 жылдың 7-11 наурызы аралығында Жайық өзенінен жинап алынған өлі балықтың жалпы салмағы 3,1 тоннаны құрайды», - деп жазды ол.

Оның жазуынша, жинап алынған балыққа және шығынға қатысты акті жасалды. Құжат 2018 жылдың желтоқсанында Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркеледі. Жалпы Атырау облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 336 және 328 баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғаған.

«Балықтардың өлу себебі тергеу іс-қимылдары аяқталғаннан кейін нақтыланады. 2019 жылдың 11 наурызына дейін 111,2 тонна өлі балық жинап алынды. Өлі балықтарды жинау жмұыстары жалғасып жатыр», - деді Сәкен Ділдахмет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT