+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Жайық өзенінен 114 тонна өлі балық жиналды

2019 жылғы 16 наурыз 23:30
Бөлісіңіз:
Жайық өзенінен 114 тонна өлі балық жиналды

айланысты ведомствоаралық комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Жайықтағы төтенше оқиғаға байланысты қаңтар айында ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбайдың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия құралды.

Комиссия құрамында Атырау облысы әкімінің орынбасары, экологиялық реттеу және бақылау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, су ресурстары, ветеринарлық бақылау және қадағалау, қоғамдық денсаулық сақтау комитеттерінің басшылары, «Қазгидромет» басшысы, Бас прокуратура мен ІІМ тергеу комитетінің өкілдері бар.

​Атырау облыстық экология департаменті тұрақты негізде Жайық өзеніне қалдық төгетін табиғат пайдаланушыларға жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

«Атырау су арнасы» МҚК-на жүргізілген жоспардан тыс тексеру шартты тазартылған қалдық суда хлоридтің рұқсат етілген шекті мөлшерден 4 есе көп болғанын анықтады. «Жайық-Атырау бекіре зауыты» РМҚМ, «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚМ, «Атырау ЖЭО» АҚ-на жүргізілген тексерулерде су сынамаларында ластаушы заттардың мөлшерден асуы тіркелмеді.

​10 желтоқсан 2018 жылдан бастап Жайық өзеніндегі су жағдайына «Қазгидромет» РММ мониторинг жүргізіп жатыр. Зертханалық талдаулар шектен тыс асу деректерін анықтамады. Қазір «Қазгидромет» мониторинг аясында сынамаларды штаттық тәртіпте күн сайын алып отыр. Сонымен қатар, су сынамаларын экология департаменті мен тұтынушылар құқығын қорғау департаменті де жүргізуде. Бұл өзеннің жағдайына мониторинг үшжақты жүргізіліп жатқанын және өзен жағдайы қалыпты екенін көрсетеді. Өз кезегінде, 31 қаңтар-8 ақпан 2019 ж аралығында Атырау облыстық экология департаменті Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен және Жайық-Каспий бассейні инспекциясымен бірлесіп Жайық өзенінің арнасын, Атырау қаласының жоғарғы, төменгі жақ бөліктерін, нақтырақ айтсақ, теміржол көпірінен Еркінқала ықшамауданына дейінгі аралықты санкцияланбаған қалдық көздерін анықтау мақсатында қарап шықты. М.Меңдіқұлов көпірі аумағында 5 санкцияланбаған қалдық көздері анықталды. Сынамалар қортындылары хлоридтің рұқсат етілген шекті мөлшерден 1,1 есе асқанын көрсетті. Осы дерек бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін Экология департаменті мүдделі мемлекеттік органдарға, соның ішінде Атырау облыстық Полиция департаментіне хат жолдады. Жайық өзенінің арнасын тексеру кезінде флора мен фаунам өкілдерінің өлімі анықталмады. Осы дерек бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Наурыз айынан бастап күннің жылуына байланысты бұрын өлген балықтар өзен бетіне қалқып шығуда. Қазір өлген балықтарды жинау жұмыстары жүруде.

Өткен жылдың желтоқсанынан бастап Жайықтан 114,1 тонна өлі балық жиналды. Айта кету керек, қырылған балықтардың басым бөлігі (102,862 тонна) жасанды түрде өсірілген, яғни өзендегі бекіре тұқымдас балықтардың табиғи популяциясына қатысы жоқ. Жайықтағы балық қорының табиғи популяциясына жиналып алынған жалпы салмағы 11,3 тонна частик тұқымдас балықтар жатады.

Қазір Атырау облыстық әкімдігінің бастамасы бойынша сенбілік жүргізіліп жатыр, оған еріктілер мен қоғамдық ұйымдар тартылған. Сондай-ақ өзен суын балық өлекселерінен тазарту жұмыстары жүруде. Барлық жиналған балықтар сақтау қоймасына бағытталады, ол әкімдіктің қатаң бақылауында, содан кейін белгіленген тәртіпте жойылады. Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі Атырау облыстық әкімдігімен бірлесіп тұрақты түрде аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарды дайындауда.

Жағдайға мемлекеттік органдармен бірге «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Атырау облыстық әкімдігі мониторинг жүргізіп отыр. «Нұр Отан» партиясының филиалымен қатар ішкі істер органдарының қызметкерлері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық қадағалау комитеті қызметкерлері сауда орындарындағы балық сататын нүктелерге күн сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жалпы алғанда, аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, су сапасы барлық жауапты мемлекеттік органдардың айрықша бақылауында.

Атырау облыстық әкімдігі Жайық өзеніне ғылыми зерттеу жүргізуге 80 млн теңге бөлді. Айта кетейік, мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде «Халыққа көмек» жобасы аясында тұрғындармен кері байланыс орнатудың тиімді жүйесін қалыптастыруды тапсырды. Бұл жұмыс «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жүргізіледі. Аймақтық әкімдіктерде «Халыққа көмек» жобасы аясында тұрғындармен өзара байланыстың жаңа форматы енгізілгеннен кейін тұрғындарда да, билік органдарында да мәселелер жедел шешілетін, өңірлерден түскен ақпараттар объективті болатын тиімді механизм пайда болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Экология,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT