Жайық өзеніндегі жаңа көпір Ақтөбеден Астраханға баратын жолды қысқартады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарымен Махамбет ауданына барған Атырау облысының  әкімі  Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлік пен әлеуметтік саладағы нысандарды көрді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Талдыкөл селосында аймақ басшысы 160  орындық балабақша құрылысымен танысты. Құрылыс биыл маусым айында аяқталады. Алаңда 50 адам жұмыс істеп жатыр,  нысан магистралды газ,  су желілеріне қосылған. Нысанды пайдалануға берген кезде жақын маңдағы елді мекендердің мектепке дейінгі жастағы балалары балабақшамен толық қамтылады. 

 Құрылыс орнын қараған Нұрлан Ноғаев құрылыс нормативтері мен стандарттарын қатаң сақтауды, техникалық қадағалау мамандары тарапынан үнемі бақылау болу керектігін баса айтты. 

 Махамбет ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жобаларын  жүзеге  асыру белсенді жүруде. Ауыл тұрғындары кооперациялардың пайдалы тұстарын түсінген. 

 -Кооперативтер құру дамуымызға мол мүмкіндік береді, өндірістің барлық кезеңін қамтуға, субсидия мен жеңілдіктер алуға жол ашылады,-деді «Бақсай»  кооперативінің басшысы Жолдас Бегалиев. - Қазір кооперативте 35  адам бар,  мал табыны, сою цехы, рефрижератор бар.

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде ветеринарларға цех жұмысының қалдықтарын жоюды тапсырды. 

-Мұндай өндірістерді ашу аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Облыстың барлық аудандарында  ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, мал сою цехтарын ашу жұмыстары жүріп жатыр, -деді облыс әкімі. - Бірақ сою цехтарының қалдықтарын кәдеге жарату жайы күн тәртібінде тұр. Бірыңғай алгоритм жасап, облыстың барлық аудандарына енгізуіміз керек. Мал сою цехтарының биологиялық қалдықтарын өркениетті түрде жойып,  процесті санитарлық нормаларға сәйкестендіруге тиіспіз. 

Махамбет ауданына жұмыс сапарында Нұрлан Ноғаев Ақтоғай селосындағы 200 орындық мәдениет үйі  құрылысын тексерді. Аймақ басшысы Ақтөбе-Атырау-Астрахан автожолының бөлігі болатын Жайық өзені үстіндегі  көпір  өткелі құрылысының барысымен де танысты.

Бұл көпір Ақтөбеден Астраханға баратын жолды қысқартады.

Соңғы жаңалықтар