+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Жайық өзенінде қалқыған мұз үстінде қалып қойған балықшы құтқарылды

2020 жылғы 8 ақпан 19:29
Бөлісіңіз:
Жайық өзенінде қалқыған мұз үстінде қалып қойған балықшы құтқарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Өзен бетінде жүзіп жүрген мұз кесегінің үстінде қалып қойған балықшы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Рудный полицейлері мүгедек әйелді өртеніп жатқан үйден алып шықты Жас дәрігер жол апатына ұшырап, далада жатып қалған жүргізушіні құтқарды Адамдарды қар құрсауынан құтқарған қарағандылық полицейлерге 100 мың теңгеден табыс етілді

«Мұз үстінде қалып қойған атыраулық балықшыға Жайық өзені бойымен серуендеуге тура келді. Ол жағалауда мұзда балық аулап отырған. Сол кезде ол отырған мұз кесегі жағалаудан бөлініп, өзен ағысымен қалқып жүзіп кеткен. Бірақ балықшы қорықпаған. Куәгерлер құтқарушыларды шақырып, олар келіп жеткенше балықшы байбалам салмай, мұз үстінде қасқайып тұра берді. Құтқарушылар қайықпен өзен ортасына дейін жүзіп барып, оны жағалауға шығарды», - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жұма күні Жайықтағы мұз опырылып бұзылды. Өйткені күн күрт жылынып, өзен бетіндегі мұз тым жұқарып кеткен. Ал тұрғындар ескертуді тыңдамай, сонда да мұз үстімен жүріп, балық аулап, қауіп-қатерді ескермеген. Сондықтан қыстың күні мұзды мұзжарғышпен бұзуға тура келген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT